Вакцина алдыңыз ба?
Қарғалы ауданында 4 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алған.Қарғалы аудандық ауруханасының бас дәрігері Берік Жаржановтың айтуынша, аудан тұрғындары еркін таңдау жасап,ауданға әкелінген 3 вакцинаның бірін ала алады.
— Қазір жағдай біршама тұрақтала бастады. Көптен күткен вакцина келіп, Қарғалы ауданының тұрғындары осы жылдың наурыз айынан бастап егіле бастады. Қарғалылықтар алдымен коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын алса, кейіннен оларға таңдау мүмкіндігі туындап, «Hayat-Vax» пен «QazVaс» вакциналары әкеліне бастады.
Қазіргі таңдаҚарғалы ауданы бойынша 4000-ға жуық тұрғын екпенің 1-кезеңін, 2000-дай адам 2-кезеңін алды. Жағдайдың одан әрі қалай дамитынын уақыт көрсетеді. Дегенмен ауданда санитарлық талаптар әлі де ерекше бақылауда, — деді ол.
Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.